КАБУЛ: Ауғанстанда НАТО әскерінің әуе соққысынан тәліптердің дала қолбасшысының көзі жойылды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, әуе бомбасы Мұса-Қала елді-мекеніндегі тәліптердің қолын басқарған Гафур молланың автокөлігіне дәл тиген. Тәліптер Мұса-Қаланы өткен бейсенбі күні басып алған болатын. Оның алдында шыққан хабарға қарағанда, НАТО мен ауған армиясының бөлімдері шабуыл жасайын деп тұрған Мұса-Қаладан тұрғындары кете бастаған көрінеді. Жергілікті ақсақалдар қалаға қарулы тәліптерді жібермеуге сөз берген соң, НАТО күштері Мұса-Қаланы өткен қазан айында тастап шыққан болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Сатира қылмыс емес"
Қамауға алынған танымал паблик авторын қолдағандарды қудалау жалғасып жатыр