Accessibility links

Армениядағы кезекті парламент сайлауын ойдағыдай өткізу мүмкіндігі бар


ЕРЕВАН: Кеше Ереван қаласында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша ұйымның демеуімен Армениядағы сайлаушылардың ең алғашқы орталықтандырылған ұлттық тізімінің тұсауы кесілді. Арменияның сайлаушылары туралы тиянақты мәлімет-деректің жетіспеуі – 2003-інші жылдың мамыр айындағы парламент сайлауының “ең үлкен кемшілігі” болып есептелген болатын. Армян үкіметі 2005-інші жылы сайлаушылардың тізімін жаңартып, оларға екпінді қызмет көрсететін орталық жүйеге өзгеріс енгізді. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша ұйымның Еревандағы өкілі Владимир Пряхиннің атап көрсетуінше, орталықтандырылған ұлттық тізім – 12-інші мамырға белгіленген парламент сайлауын ойдағыдай өткізуге көмек болады.
XS
SM
MD
LG