ЛОНДОН: Шетелде қуғында жүрген Ресей қалталысы Борис Березовский қауіпсіздік қызметінің бұрынғы офицері Александр Литвиненконың қазасын тергейтін орыс тергеушілеріне жолыққысы келетінін мәлімдеді. Би-Би-Си-ге берген сұхбатында Лондонда қуғында жүрген Б.Березовский егер Литвиненконы кімнің өлтіргенін анықтауға септігін тигізетін болса, Ресей тергеушілерімен кездесуге дайын екенін айтты. Б.Березовскийдің жақын үзеңгілесі болған А.Литвиненко - өте сирек кездесетін полоний-210 изотопымен уланып, 23-інші қараша күні Лондонда көз жұмды. Екеуі де Ресей президенті В.Путиннің өткір сыншысы болатын.