Accessibility links

АҚШ-тық жеке бағдарламада пәкістандық медреселерге реформа жасау ойластырылуда


Осындай бастаманың жетекшісі Дуглас Джонстон дүйсенбі күні Пәкістан мұсылмандарының екі жетекшісін медресе реформасына байланысты пікірталастарға қатыстыру үшін Вашингтонға алып барған.

Джонстон әріптестерімен бірге соңғы төрт жылдың көлемінде Пәкістан медреселері мәселесіне көңіл аудару керек деген ойға келгендерін айтады. Джонстон Вашингтондағы Дін және дипломатия деп аталатын халықаралық орталықтың негізін салушы және осы орталықтың президенті. Бұл пайда табу мақсатын көздемейтін, аймақтық діни жанжалдардың шешілуіне көмек беретін ұйым. Дуглас Джонстон өзінің мұндай мақсаттары туралы Вашингтондағы бейбітшілік институтында ортаға салды.

Сонымен, халықаралық дін және дипломатия орталығы медреселерде дін сабақтарымен қатар математика және әлеуметтік зерттеулер сабақтарын кіргізуді ұсынған. Қасиетті Құранды оқып, зерттеумен бірге сыни көзқарас, діни төзімділік қалыптастыру бағыттары да қолға алынады.

Джонстон мұндай бағдарламаны бастаудың өзіндік қиындық келтіргенін айтқан, өйткені кейбір медреселердің басшылары қандай да бір өзгерістер жасау діни шарттарға қайшы келеді деп сезінді дейді ол. Дегенмен де олармен жан-жақты сөйлесіп, түсіністік тапқандарын айтады Джонстон. Ең алдымен медресе әкімшіліктері мұндай өзгерістер үшін жауапкершілікті өз мойындарына алды дейді ол.

Бұл орайда жасалған екінші қадам тарихи контексте өзіндік өзгерістердің жасалғаны деп атап көресетеді бағдарлама жетекшісі.

- Біз өзіміздің мұрамызға қарай отырып, Ислам астында төзімділіктің арқасында мың жыл бұрын ғылым мен мәдениеттің ірі жетістіктерге жеткенін көреміз. Және олар осыны тыңдаған кезде, ол турасында ойланған кезде осындай жетістіктерге жетуге әлі де көп уақыттардың бар екендігіне және оны жақсырақ жасауға болатындығына көздері жетеді.

Джонстон өз тобының аталған реформаға олардың айтуынша, Исламдағы консервативтік Ваххаби, Деобанди қозғалыстары медреселерінің жетекшілерін тартқалы отырғандықтарын айтқан. Атап айтқанда, тек қана Халықаралық дін орталығының мұғалімдері ғана емес, кейбір медреселердің басшылары басқа медреселердің мұғалімдерін оқытуды бастады дейді ол.

Халықаралық дін және дипломатия орталығының бағдарламасына қатысуға Вашингтонға барған пәкістандық екі мұсылман жетекшілері Куеттадағы Деобанди мектебінің басшысы Хафиз Халил Ахмед пен Ваххаби жетекшісі Абдул Қадир Хамуш.

Ахмед өз сөзінде әлемге Пәкістан медреселері жеккөрушілікті уағыздайтын оқу орындары емес екендігін айтып, түсіндірудің өзі үшін маңызды болғандығын атап көрсеткен.

Ахмедтің айтуынша, оқу орындарындағы студенттер сыртқы әлем, халықаралық саясаттан оқшауланып қалған.

Хамуш та өзінің аудармашы арқылы сөйлеген сөзінде 1979 жылы Совет одағы Ауғанстанға басып кіргенге дейін ешқандай жихад, қасиетті соғыс турасында әңгіме болмағандығын айтады. Ол Пәкістанда көп жұрт советтерге қарсылықты қолдаған дейді.

Ал 10 жылдан кейін совет солдаттары кеткен соң, көпшілік үшін соғыс аяқталған болатын. Бірақ, кейбір адамдар өзіндік топтар құрып, олар Исламға қауіп төндірілуде деген оймен күрескерлік жолға түсті деген.

Осылай дей келе Хамуш Джонстон ұсынып отырған медресе рефромасы Пәкістанда жақсы жұмыс істейді деген ойын білдірген.

Ал Джонстон болса өз ұйымының мұндай талпынысты бастамасы Пәкістаннан да тыс жерлерде өзіндік жемісін береді деп үміттенетіндігін айтқан.

- Не себепті бұл маңызды ғана емес, өйткені, ол бүкіл Пәкістан балаларының болашағын жақсартып қана қоймайды, менің ойымша, барлық баланың бұған қатысы бар, бұл сондай-ақ ғаламдық лаңкестікпен соғыстағы оң бағыттағы жол, - деген Джонстон

Бірақ, бұл бастама өз алдына вакуумда жұмыс істей алмайды деп, Пәкістан және АҚШ үкіметін де бұл жобаның табысты болуына қолдау көрсетулерін сұрайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG