Accessibility links

Қырғызстан Парламенті жаңа Үкімет құрылымын бекітті


Сейсенбі күні Қырғыз парламенті үкіметтің жаңа құрылымын бекітті, онда премьер министр Азим Исабеков ұсыныстарының барлығы бірдей өтпеді. Исабеков сонымен қатар, өз үкіметінің құрамына жаңа министрлерді де ұсынбақшы болған.

Сейсенбі күні Қырғыз парламенті жаңа үкіметті бекітіп, 14 министрлік, бес комитет және 12 мемлекеттік агенттік құрылымын мақұлдады. Сөйтіп, бұрынғы үкіметтегіден екі министрлік артық болып құрылды. Бірақ, кейбір мәселелер түсініксіз қалып, ұсыныстар өткенімен, біраз депутаттар шешімін таппаған мәселелерге дереу назар аударды. Жаңа үкіметтің ұсыныстары оңай қабылданды. Парламент спикерінің орынбасары Құбанышбек Исабеков дауыс берулердің қортындысын былай деп хабарлады.

“Үкіметтің құрылымы 57 депутаттың дауыс беруімен мақұлданды. Азим Бейшенбаевич құттықтаймыз. Сізді де премьер министр болғанда 57 депутат қолдап дауыс берген еді, бұл да символикалық түрде болды”.

Бір дауыс қалыс қалып есептелінбеген. Қалған басқа депутаттар отырысқа қатыспаған. Қырғыз парламентінің екі палатасында барлығы 75 депутат бар.

Қырғыз премьер министрі Азим Исабеков жаңа үкімет құрылымын бекіту жөніндегі талқылаулардағы ұсыныстары мен үкімет құрамын мақұлдағандары үшін депутаттарға алғысын білдірді.

"Сіздерден осындай кеңестер алғанда, комитеттерде талқылаулар болғанда көп жақсы ұсыныстар айтыңыздар. Сіздер талқылаулар барысында ашық, айқын болдыңыздар. Қазір мен сіздерге шын жүректен қолдауларыңыз үшін алғысымды айтқым келеді”.

Десе де премьер министр Исабековтың қалаған ұсыныстарының бәрі бірдей өтпеді. Оның алға тартқан ұсынысының бірі- премьер министрге тағы бір орынбасар беріп, оппозициямен кездесетін президиум құру болған. Ол бұл ұсынысын дүйсенбі күні жаңа үкіметтің құрылымын ашық талқылаулар басталғанда ұсынған. Исабековтың айтуынша, үш премьер министр мен вице премьер, және кейбір үкімет мүшелерінен тұратын президиумның үкіметтің атынан шешім қабылдайтын құзыры болу керек.

"Үшінші вице-премьер керегі жоқ дедіңіз, біз онымен келісіп жатырмыз. Біз Қырғыз Үкіметінің президиумын құру жөнінде ұсыныс айтқамыз, мейлі біз ол ұсынысты да қолдап, президиум құруды жаңа үкіметтің құрылымы жобасынан алып тастадық”.

Десе де кейбір депутаттардың үкіметтің жаңа құрылымы жөнінде сауалдары бар. Оппозициялық депутат Өмірбек Текебаевтың сөзіне қарағанда, президент Құрманбек Бакиев Конституцияға сәйкес, әлі де кейбір департаменттерді бақылауда ұстап отыр.

“Президент Конституцияда көрсетілген биліктерді ғана басқара алады. Бірақ, біз оған әлеуметтік қорды, Ұлттық статистіикалық Комитет пен және басқа да кішігірім департаменттерді беріп қойдық. Бірақ, ол департаменттер үкіметтің ішінде болу керек. Мен бұл ойымды үкіметке жеткіздім”.

Сонымен қатар депутат Осмонбек Артықбаев та не себепті біраз департаменттер үкіметтің емес президенттің қарамағында деген мәселені көтереді.

“Мысалы үшін шекара қызметі. Конституцияға сәйкес, шекара мәселелеріне, инвестиция мен қаржыландыру мәселелеріне үкімет жауап беру керек. Бірақ, біз оны орталық орган жасап қойғанбыз. Немесе инвестиция мәселесі экономикалық мәселе және тікелей үкіметке қарасылы. Ол президенттің жауапкершілігі емес, ол орталық органның бір бөлігі болмауы керек”.

Жаңа үкіметтің құрылымын бекітуге кедергі келтірген проблемалардың бірі өткен желтоқсанның соңында Қырғызстан Конституцияға өзгерістер енгізгені болды.

Ол Конституцияға енгізілген өзгерістер қараша айының басында Бішкектегі жаппай шерулердің соңында бастапқыда биліктің біразын президенттен алып заң шығарушы органға беру жөнінде болған. Депутаттар мен кейбір саясаткерлер әлі де биліктің қай мекемесіне қандай жауапкершілік берілуі керек дегенді анықтауға тырысуда.

Бірақ, қазір үкіметтің жаңа құрылымы мақұлданған соң, енді министрлік қызметке алғашқы номинациялар ұсына бастамақ. Онда барлық номинациялар парламенттің мақұлдауынан кейін ғана өз қызметтеріне кірісе алады.
XS
SM
MD
LG