Табиғи газ өндірушілердің халықаралық ұйымын құру жөніндегі ұсынысты жасаушылардың бірі - Иранның рухани көсемі Аятолла Али Хаменей. Ол аталған идеяны Ресей Қауіпсіздік кеңесі хатшысы Игорь Ивановтың Техранға сапары кезінде, қаңтардың 28-і күні ақылдасты. Хабарларға қарағанда, Иран мен Ресей бүкіл әлемдегі табиғи газдың жартысына ие екен.
Шетке шығарылу үшін табиғи газ сығымдалуы тиіс. Мұның өзі қосымша қаржыны талап етеді. Ақпанның 2-сі күні Техранда сөйлеген сөзінде Иран Мұнай министрі Казем Вазири-Хаманей газды сығымдауға қажетті технология кейбір елдерде жетіспеуде, демек, табиғи газ жақын көрші елдерге ғана айдалады, деді. Ал, Иран парламенті жанындағы Энергия бойынша комитетінің бір топ мүшесі халықаралық газ бағасы өзінің шынайы бағамына қол жеткізді, деген тоқтамға келісті. Олардың пікірінше, энергия болашағы мұнай-химиялық өнімдерге, әсіресе газға байланысты болмақшы.
Парламент жанындағы Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің мүшесі Хамид Реза Хажы-Бабайдың пікірінше, Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы боп табылатын ОПЕК-ке ұқсас газ өндіруші елдер ұйымын, яғни картельді құру Батыс елдерінің авторитарлық әрекеттерінің алдын-алады. Және Батыс елдерінің, әсіресе Америка экономикасы мен саясатының қысымына төтеп беретін орталыққа осы ұйым айналатын болады. Комитеттің келесі бір мүшесі Хешматолла Фалахатпише болса, ресми өкілдердің ОПЕК-ке ұқсас газ өндіруші елдер ұйымы, яғни картель құрудың тетіктерін зерттеуіне ақпанның 3-і күні шақырды. Сондай-ақ осындай картельге бірігу арқылы мұнай шығарушы елдер бұрынғыдай баға белгілеуде бір-бірімен тұрақсыз жарысқа түсіп, бірін-бірі ренжітпейтін болады. Мұның өзі газ экспортында Иран мен Ресейдің әріптестік орнатуына қолайлы бір кезеңі болмақшы, дейді ол.
Иранның бетпе-бет келіп отырған проблемасының бірі- оның газ тұтынудағы ел ішілік мәселесі, яғни газға деген сұраныстың өсе түсуі. Тағы бір проблема - Ресей елі аталған тәсілдегі картельдің құрылуына аса құлықты еместей көрінеді. Оның орынына әріптестікті қолай көруде, деп жазған еді ақпанның 5-інде күнделікті “Етемад” басылымы. Оның жазуынша, өткен жылдың маусым айында Иран президенті Махмуд Ахмадинежадтың картель құру жөніндегі ұсынысын Ресей президенті Владимир Путин сыпайы ғана қабылдаған болатын. Ол жолы Иран президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті отырысына бақылаушы ретінде қатысқан еді. Иран Мұнай министрі ақпанның 2-сі күнгі сөзінде аталған картель идеясының жүзеге асуы үшін оны барлық газ өндіруші елдер, оның ішінде Ресей қолдауы тиіс, деген еді. Бұл идеяны Иран көп жылдан бері көздеп келген. Әсіресе 2001-ші жылы Техранда болған Газ экспорттаушы елдер форумында газ бағасы мен нарықтық мәселелер талқыланған болатын.