Accessibility links

Бейжинде Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздер қайта басталды


Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы жөніндегі алты жақты келіссөздер Бейжинде қайта жалғасты. Қытай, Құрама Штаттар, Жапония, Ресей мен екі Корей елінің өкілдері осыған дейін Солтүстік Кореяға ұсынылған, егер Пхеньян өзінің ядролық қару бағдарламасын тоқтатқан жағдайда экономикалық және қауіпсіздік келісімін қалай жүзеге асыру мәселесін талқылап жатыр. Өткен жылдың қараша айында Пхеньян атом сынақтарын жасаған соң, БҰҰ-ның санкциясы салынып, жағдай ушығып кеткен болатын.
XS
SM
MD
LG