Accessibility links

Американдық әскерлер Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерін ирақтық күштер ұстаған деп отыр


АҚШ әскерилері хабарлап отырғандай, ирақтық күштер Денсаулық Сақтау министрлігінің жоғарғы ресми өкілін шийт полицейге қолдау танытты деген желеумен қамауға алған. Ұсталған адамның аты-жөні айтылмай отыр. Бірақ, оның алдында министрлік өкілі әскери рейд кезінде Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Хаким әл Замили қамауға алынғанын хабарлаған. Әл Замили радикалды шийттер көсемі Мухтада әс Садрдың жетекшілігіндегі қозғалыстың белді мүшесі. Ол рейд кемінде 20 кісінің өлімін әкелген Ирақтағы екі бірдей көлік жарылысынан кейін басталған.
XS
SM
MD
LG