Accessibility links

Баспасөзге шолу. 02.08.2007 жыл


Бейсенбі күні жарық көрген басылымдардың бірінде «Алматыжер» мекемесінің әрекетіне қарсы аштық жариялаған тұрғындар дегеніне жеткендігі туралы жазылыпты. Сонымен қатар, басылымдар «Нұрбанк» төңірегіндегі жанжал мен «Валют-Транзит-Банкі» үстінен қозғалған қылмыстық іс барысын жіті қадағалап отыр.

Алматы қаласы орталығындағы «қисық» үйлер атанып кеткен ауданның тұрғындары «Алматыжер» мекемесінің әрекетіне қарсы бағытталған аштық акциясын тоқтатқандығы туралы мақала «Время» газетінде жарық көріпті. «Ақпанның 7-күні «қисық» үйлердің тұрғындары аштық акциясын тоқтатты. Бұл акцияны ақпанның 5-күні аталған ауданның 8 тұрғыны «Алматыжер» мекемесі мен «Модуль-Инвест» компаниясының әрекетіне қарсы бастаған болатын» делінген мақалада. «Өз баспаналарымызды қорғайық» атты ашығу акциясы сол аудандағы үйлердің бірінде жүргізілген. Аштық кезінде акцияның екі мүшесі гипертониялық дағдарысты басынан кешірген. Акция мүшесі Ғалия Қылдиярованың айтуынша, сәрсенбі күні түнде штабқа Алмалы аудандық әкімі келген. Ұзақ уақыттық келіссөздерден соң әкім барлық мәселені шешуге уәде берген. Аштық акциясына қатысушылар күрелетін үйлерге төленетін өтемақыны өсіруін талап етіп отыр» деп жазды «Время» газеті.

Ал «Экспресс К» газеті болса «Нұрбанк» төңірегіндегі жанжал туралы былай деп жазыпты: «Алматылық банкирдің жоғалып кетуі туралы жанжалдың ақ-қарасы ашыла бастады». «Қаржы мекемесінің бұрынғы басшысының орынбасары Темірәлиевтің зайыбы айтқан айыптаулардың ешқайсысы шындыққа жанаспай шықты» делінген мақалада. Сонымен қатар, аталған басылым Алматы қаржы полициясының департаменті бірқатар кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғалғандығы туралы жазды. «Ал полиция мен қаржы полициясы арасындағы кикілжің мәселесіне келер болсақ, Алматы қалалық сыбайласқан жемқорлықпен күрес және экономикалық қылмыспен күрес департаментінің басшысы Владимир Курбатов бұл жағдайды жоққа шығарды. Мәселенің мәні ашылды, екі мекеме арасында ешқандай кикілжің жоқ депті Владимир Курбатов «Экспресс К» тілшісінің сұрағына.

Сонда «Нұрбанктің» бұрынғы қызметкері Темірәлиев қайда деген сұраққа «Жас Алаш» газеті жауап іздепті. Аталған басылым Владимир Курбатовтың сөздеріне сүйене отырып, дәл қазір оннан астам адам тергеу амалдарынан қашып жүргендігін келтіреді. «Мәселеге жақын арада нүкте қойылмайтын секілді. Тараптар бір-бірін жоққа шығарумен әуре. Ал қауесет желдей есіп жүр» деп түйіндейді «Жас Алаш» газеті.

Бұл уақытта Қарағанды ауданаралық экономикалық сотында «Валют-Транзит-Банкіне» қатысты шағым бойынша сот жүріп жатқандығы «Время» газетінде жазылыпты. «Валют-Транзит-Банкінің» адвокаттары қаралып отқан іс жабық жақдайда өткендігін қалап отыр. Олардың келтірген басты дәйегі: іс материалдарын қарау барысында банктің құпиясы саналатын мәліметтер келтірілуі мүмкін. Ал шағымданушы жақ өкілдері болса сот мәжілісін ақпанның 13-не қалдыруын сұраған. Сот төрағасы Бекзада Тұрғанбаев келесі жолы агенттіктің өкілі сот мәжілісіне қатыспайтын болса, істі қараусыз қалдыратындығын ескерткен. Сот мәжілісіне қатысқан банктің салымшылары жоғарыда келтірілген жағдайларды сот процесін созу арқылы салымшыларды ақшасыз қалдыру әрекеті ретінде қабылдап отыр» деп жазды «Время» газеті.

Ал «Айқын» газеті болса осы жылы доллардың теңгеге шаққандағы бағасы тағы арзандауы мүмкін екендігіне мән беріпті. «Үкімет мақұлдаған 2007 жыл бюджетінде доллар осы жылды 117 теңгелік салмақпен қорытындылайды делінген. Қазір 126 теңгеге бағаланып жатқан көк қағаз жыл ішінде 9 теңгелік салмағынан айырылады. Халықаралық сарапшылар ұлттық валюталарға қарағанда доллар салмағы төмендейтінін басталған жылдың басынан бері қадап айтумен келеді. Сарапшылардың мұндай тұжырымына халықаралық рыноктағы мұнай бағасының түспеуі себеп болып тұр. Кейбір сарапшылар бағаның 150 доллар көлеміне жетуін де болжап қойған секілді. Қалай болғанда да, барлық деңгейдегі сарапшылардың болжамы доллар салмағының теңгеге қарағанда төмендей беретінін дәлелдей түседі» деп түйіндейді «Айқын» газеті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG