Шешенстанның Қауіпсіздік Кеңесінің басшысы, Герман Вок пен тағы басқа үш ресми қызметкер орындарынан кетті. Герман Вок Шешенстан президенті Алу Алхановтың одақтасы әрі премьер министр Рамзан Қадыровпен күрестегі ықпалды адамы болған. Бүгін Алу Алханов Герман Воктың қызметінен кету өтінішін қабылдаған. Бұл арада премьер министр Рамзан Қадыровтың “президент Алхановтың тобы тарайтын уақыт баяғыда жеткен” дегені айтылып жатыр.