Accessibility links

Ресейдің Қорғаныс министрі Косованың тәуелсіздігі жамандық әкелетін қауіпті жәшікті ашуы мүмкін деген


Бүгін Ресей қорғаныс министрі Сергей Иванов Косова үшін Тәуелсіздік Еуропадағы басқа да бөлініп қалған аймақтардың талабына ұқсас болып, қауіпті орынға айналуы мүмкін деген. Одан бөлек, Ресейдің сыртқы істер министрлігі Косованың мәртебесін анықтау жөніндегі халықаралық күштер Сербияның ішкі саясатын сыйлауы керек әрі жасанды шектеулі мерзім енгізбеуі тиіс деп мәлімдеген. Сербияның одақтасы Ресейдің бұл мәлімдемесі өткен аптада ресми Белград БҰҰ-ның Косованың автономиясын қолдаған жоспарын қабылдамай қойған соң айтылып отыр. Ал, бүгін БҰҰ-дағы елші Марти Ахтисаари өзінің Косова жоспарына өзгерістер енгізуді қарастыратынын айтты.
XS
SM
MD
LG