Accessibility links

Ангела Меркель Мюнхен конференциясын Иранға ескерту айтумен ашты


Бүгін Германия канцлері Ангела Меркель Иран өзінің ядролық бағдарламасына байланысты талаптарды орындауда алдаушылыққа бармауы керек деп ескертті.

«Егер олай болса, халықаралық қауымдастық Техранның ядролық бағдарламасына тосқауыл қою үшін шешім қабылдауда бірігетін болады» деді Меркель. Ол өзінің бұл мәлімдемесін Мюнхенде ашылған Қауіпсіздік саясаты жөніндегі 43-ші конференцияда айтты. Оған әр елден жиналған 250 ресми делегат қатысуда, оның 40 шақтысы қорғаныс және сыртқы істер министрлері.
XS
SM
MD
LG