Accessibility links

Қазақстандықтар қасақана өлімге кезіккен Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі серігін еске алды


Жұма күні Алматыда, осыдан бір жыл бұрын қаскүнемдер қолынан қаза тапқан белгілі қоғам қайраткері, оппозициялық саясаткер марқұм Алтынбек Сарсенбайұлын еске алу жиынына Алматыдағы алаңға жиналған 2 мыңдай адам Қазақстандық ресми үкіметтен ол қастандық бойынға түбегейлі зерттеу тергеу жүргізілуін талап етті. «Свобода слова» газетінің бас редакторы Гүлжан Ерғалиева Сарсенбайұлын өлтірткізуге тікелей қатысты күдіктілер жөнінде өз болжамын былай жеткізді.

- Олардың біреуі күні кеше бір шетелге елші етіп жіберілсе, ал екіншісі тағы бір басқа мемлекетке сондай қызметпен жіберілген еді. Олар екі қайраткердің өлімінде күдіктілер ретінде аталған. Сондықтан біз әділ және шын сот болуын талап етеміз, - деді Гүлжан Ерғалиева.
XS
SM
MD
LG