Accessibility links

Ресми Вашингтон Теһранға жаңа айып тағып отыр


ТЕҺРАН: Ирақтағы шийттердің қарулы жасақтарын қопарғыштармен қамтамасыз етуге Иран үкіметінің жоғары лауазымды өкілдері жауапты деген АҚШ-тың айыптауына ресми Теһран әлі де еш сыр білдірген жоқ. Жексенбі күні Ирақтағы АҚШ армиясы басшылығының аты-жөні аталмаған өкілдері Иранда шығарылған осындай қопарғаш бомбалардың жарылыстарынан кем дегенде 170 АҚШ жауынгері қаза болып, 600-ден астамы жараланды деп мәлімдеді. Осыған дейін Иран үкіметі Ирақтағы бүлікшілерге көмек беріп отырғанын жоққа шығарып келді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG