Accessibility links

Иран шығарған бомбалардың жарылысынан 170 АҚШ жауынгері қаза тапты


ТЕҺРАН: Ирақтағы шийттердің қарулы жасақтарын қопарғыштармен қамтамасыз етуге Иран үкіметінің жоғары лауазымды өкілдері жауапты деп АҚШ-тың таққан айыбын бүгін ресми Теһран жоққа шығады. Жексенбі күні Ирақтағы АҚШ армиясы басшылығының аты-жөні аталмаған өкілдері Иранда шығарылған осындай қопарғаш бомбалардың жарылысынан кем дегенде 170 АҚШ жауынгері қаза болып, 600-ден астамы жараланды деп мәлімдеді. Бүгін Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Мохаммад Әли Хоссейни “еш қисыны жоқ” мұндай мәлімдеме “үгіт-насихат үшін” жасалып отыр деп бағалады.
XS
SM
MD
LG