Accessibility links

Шенеунектердің салақтығынан “ғасыр дертін” жұқтырған балалар 91-ге жетті


ШЫМКЕНТ: Оңтүстік Қазақстан облысында СПИД инфекциясын жұқтырған балалардың саны тағы да өсе түсті. Біздің жергілікті тілшілеріміздің хабарлауынша, “ғасыр дертінің” инфекциясы 91 балаға жұқтырылып, оның 8-і қыршын болды. Аталған дерттің тағы 13 анаға жұқтырылғаны мәлім болды. СПИД дерті өткен жылдың мамыр айында Шымкент қаласында балаларға қан құю арқылы жаппай жұқтырылды. Қазір қозғалған қылмыстық іс бойынша 21 адамның үстінен сот үдерісі өтіп жатыр.
XS
SM
MD
LG