ЛЮКСЕМБУРГ: Атом қуаты бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің бас директоры М.Әл-Баради Солтүстік Кореяның келісімге келуінен кейін, оның ядролық нысандарын бақылауды қайта жалғастыруға әзір екенін мәлімдеді. Пхеньянмен арадағы Бежинде қол жеткен жаңа келісімді Әл-Баради “оң қадам” деп бағалады. Бірнеше күн бойы жалғасқан 6 жақты келіссөздің нәтижесінде қол қойылған осы келісімге сәйкес, ресми Пхеньян Йонбендегі ядролық реакторын 2 айдың ішінде тоқтатып, бірқатар ядролық бағдарламасын жабуға міндеттенеді, оның есесіне Солтүстік Кореяға 300 млн. доллардың экономикалық және т.б. көмегі көрсетіледі.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?