КАБУЛ: Ауғанстан президенті Х.Қарзайдың кеңсесінен хабарланғандай, бүгін жаңа сайланған Түркіменстан президентінің инаугурациясына қатысқаннан кейін Х.Қарзай Ұлыбритания мен Италияға сапармен барады. Ауған президенті бүгін кешкісін Лондонда ағылшын премьер-министрі Т.Блэрге жолығып, терроризм мен есірткіге қарсы күрес және Ұлыбританияның Ауғанстанға беретін көмегі мәселелерін талқылайды. Ал Римде Х.Қарзай Италияның президентімен және премьер-министрімен келіссөз өткізеді. Ауғанстанда Ұлыбритания мен Италияның шашамен 5 мың 200 және 2 мыңдық әскері бар.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосына – 70 жыл
1992 жылғы 31 мамырдағы аза тұту күні неге Назарбаевсыз өтті?
AzattyqTV