БАҒДАД: Ирақ үкіметі Иранмен және Сириямен арадағы шекарасын 3 күнге жауып, Бағдад қаласындағы автокөліктерге арналған комендант сағатын ұзартуды жоспарлап отыр. Бағдадтағы қантөгісті ауыздықтауға жауап беретін Ирақ генералы Абуд Канбар кеше ұлттық телеарнадан осылай деп жариялады. Осы жоспарға сәйкес, АҚШ пен Ирақ әскерлері Бағдад қаласы мен оның төңірегін тінтіп, көтерілісшілерді қарусыздандыруға тиіс. Соңғы 2 тәуліктің ішінде Бағдадтағы террористік қастандықтардан 140-тан астам адам құрбан болды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Бодандық немесе аннексия тарихы. Азаттықтың эфирі неге "Елім-ай" мақамымен басталған?
-
Дәулетмұрат Тәжімұратов
"Билік өз қателері үшін жауапкершілікті белсенділерге артты". Түрмедегі қарақалпақ белсендісі
AzattyqTV