Accessibility links

Ұлттық бірлік үкіметі жасақтау мәселесі бүгін тағы да талданады


РАМАЛЛА: Палестина автономиясының төрағасы Махмуд Аббас жаңадан ұлттық бірлік үкіметінің құрылғанын жариялауды кейінге қалдырды. Ол мұндай үндеуімен бүгін сөйлеуге тиіс болатын. Келіп жеткен хабарға қарағанда, М.Аббас пен премьер-министр Исмайыл Хания ішкі істер министрі мен вице-премьер лауазымдарына кімді тағайындау мәселесінде ортақ пікірге келе алмаған көрінеді. Осы қарама-қайшылықтың шешімін табу үшін 2 саясаткер бүгін Газа аймағында келіссөзін жалғастырады. Өткен аптада Аббас пен Хания Мекке қаласында ұлттық бірлік үкіметін жасақтау және екі жақты қақтығыстарды тоқтату туралы уағдаласқан болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG