АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джон Ордвейдің айтуынша, ол Қазақстанның осы жылдың алғашқы жарты жылдығында демократиялық үдерістер және адам құқығы саласында нақты шаралар жасайды деп үміттенеді. Бұл туралы ол Қазақстанның Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету үшін не істеу керек деген журналистердің сұрағына жауабында айтты. Қазақстанның оппозициялық өкілдері болса, АҚШ-тың басты мақсаты - аймақтардан мұнай жеткізу, лаңкестікпен күресу дейді. Айта кететін жайт, қазір АҚШ Қазақстандағы ең ірі инвестор болып есептеледі. Қазақстан оппозициялық күштері өкілдерінің пікірінше, АҚШ мәселелерінде осы экономикалық мәселелерден кейін ғана соңғы орында демократиялық реформалар тұр.
Оппозициялық көзқарастағы журналист Жұмабай Доспановтың пікірі де осыған саяды:
- Бір қарағанда, олар өздеріне керекті мұнайды алып жатыр да, ал, демократия жөнінде бәлендей пайда әкелді деп айта алмаймын.
Бірақ, Қазақстанның стратегиялық көршілері Ресей мен Қытай Орталық Азия елдерінен демократиялық үрдістерді талап етпесе, АҚШ бұл орайда өзге пікірді ұстанады дейді сарапшылар.
Қазақстандық журналистер елші Ордвейге, АҚШ Қазақстандағы демократиялық үдерістерден гөрі экономикалық, әскери мәселелерді бірінші орынға қоймайды ма деген сұрақ қойды. Бұл сауалға елші:
«Біз бұл мәселелерді бірінші, екінші деп қоймаймыз», - деп жауап берді.
Ал, Қазақстандағы тәуелсіз, мемлекетке бағынбайтын бұқаралық ақпарат құралдарын қаржыландыру жүргізіле бере ме, егер қысқарса ол адам құқығы мен демократиялық үдерістерді азайту емес пе деген сұраққа, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джон Ордвей былайша жауап берді:
«Орталық Азияға қатысты көмекке келсек, алдағы бірнеше жылда бұған аз ресурс бөлінеді. Бұл Вашингтондағы бюджет үдерісіне және бірінші кезекке қойылған мәселелердің көптігіне байланысты. Бірақ, жыл сайын біз конгресс бөлетін қаржыға қараймыз».
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джон Ордвейдің айтуынша, бюджетке байланысты демократияны дамыту жұмысы тоқтамайды. Жалпы соңғы 15 жылда АҚШ Қазақстанға осы саладағы жұмыстарға 500 миллион доллар жұмсаған. АҚШ-тың бірінші кезектегі мәселелері қатарында тұрған қауіпсіздік мәселесіне тоқталған журналистер «ҚазБаттың» сарбаздары Ауғаныстанға жіберіле ме деген сұрақ қойды. Елші бұл орайда Қазақстан Ауғаныстанға тек гуманитарлық көмек көрсетіп инвестиция салады, әскери шараларға қатысу мәселесі қарастырылмады деп жауап берді. Қазақстанға соңғы кезде жиілеп кеткен НАТО өкілдерінің мақсаты қандай - Қазақстанға АҚШ қаруын сату ма, әлде АҚШ әскери базаларын Қазақстанда орналастырму ма деген сұраққа АҚШ елшісі былайша жауап берді:
«Мақсат қару сату немесе әскери база ашу емес, мақсат – қауіпсіздік. Қару сатуға келсек, Қазақстан оны сапаға және бағаға байланысты өзі шешеді».
Саясаттанушы Әзімбай Ғалидің мәліметіне сүйенсек, Қазақстан үшін қаруды Батыс елдерінен алған ыңғайлы.
- Ресейдің қаруы арзан болса да, ол соңғы ағымдағы қару емес. Өйткені, ең жаңа қаруды Ресей қазір бізге бермейтін болды. Оның үстіне, қарудың бір бөлігі біздің полигондарымыз бен Байқоңырды пайдаланғаны үшін келеді, ол жемқорлыққа әкеп соғады.
Ал елшіге қойылған соңғы сұрақ «Қазақгейт» мәселесіне арналды. «Қазақгейт» аталып кеткен АҚШ-тағы сот үдерісі ақпан айында өту керек еді, бұл жөнінен хабардар емессіз бе деген сұраққа АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джон Ордвей:
«Нақты білмеймін, бірақ, кейінге қалды ғой деймін», - деп жауап берді.