Accessibility links

Түркіменстан Орта Азия аймағындағы өзімен көршілес елдермен қайта жақындасуы мүмкін бе?


Түркіменстанның бұрынғы президенті марқұм Сапармұрад Ниязовтың жетекшілігі кезінде Тәуелсіз Түркіменстан әлемдегі ең репрессивтік қатаң режимдегі мемлекеттің біріне айналды. Бұл мемлекетті әлем тарихында кездеспеген өз білгенін, өз қалағанын істейтін өзімшіл президент басқарды. Ал өзін өмірбақи президент жариялатқан сол елбасы өткен жылғы желтоқсанда қайтыс болып, орнына жаңа басшының келуі елдің ішкі-сыртқы саясатында қандай да бір елеулі өзгерістер әкеле ме деген күдік пен үмітке толы сауалдар туғызды.

Бейтарап ел делінген Түркіменстанның жаңа президенті сайланғаннан кейінгі 2 жарым айда қандай өзгерістер болды? Болашаққа қандай болжам жасауға келеді?

Жалпы талдаушы, сарапшылар Түркіменстандағы қазіргі жағдаймен тікелей таныс азаматтардың пікіріне қарағанда, бұрынғы президент Ниязов қазасынан кейінгі 2 ай шамасында Түркімен елінде ешқандай айтарлықтай өзгеріс болмаған. Тіпті жаңа президент Бердімұхамедов үміткер кандидат ретінде кейбір уәделер бергенімен, Түркіменстанның тіпті өзара көршілес, шегаралас аймақтағы Орта Азия елдерімен қайта жақындасуы екі талай секілді.

Бас министр орынбасары, денсаулық министрі Ғұрбанғұли Бердімұхамедов президент міндетін атқара жүріп болашақтағы жаңа реформалар жөнінде айта келе, елдегі саяси салмағы белгісіздеу 5 бәсекелесті оп-оңай жеңіп, сәл кем 90 пайыздық дауыспен дегеніне жетті. Бірақ, солай болатынын жұрт алдын ала болжаған еді.

Талдаушылардың пікірінше, ақпанның 14-індегі президенттік ұлықтауға дейінгі Түркіменстандағы сайлау науқаны саяси мән-мазмұны жағынан аймақтық, уалаяттық деңгейде өткен. Ал бұл Сапармұрат Ниязов негізін қалап кеткен авторитарлық, диктатуралық режимнің айқын нәтижесі еді.

Бұл сайлауға оппозициядан ешқандай тұлға жақындатылмады, халықаралық ұйымдар, тіпті көрші мемлекет ұйымдарына Түркіменстанға келіп сайлаумен танысуға да мүмкіндік берілмеді.

Бір топ чехиялық журналист-саяхатшы, зерттеушілер, арасында Орта Азия да бар, 12 –13 мемлекетті аралап қайтқан кезде Түркіменстан аймағына кіріп, ол елден шығып кеткенше сол чехиялық топтың қасында бір түркімен азаматы бірге жүріпті. Тіпті ол еуропалық топқа айдалада, еркін шатыр тігіп жатуына да рұхсат етпепті. Ал олардың ешқандай саясатпен шаруасы болмаған. Олардың мақсаты - қала емес, негізінен тек қана кең дала табиғаты, бос жерлермен танысу болған екен.

Сапармұрад Ниязов кезінде ресмиге балама саяси көзқарас, пікір айту дегенге қатаң тыйым салынды ғой. Оппозициядан деп сөз айтқанның бәрін елден қуды. Тіпті Ниязовтың қазасынан кейін енді елге қайтармыз деген жылы үміт те су сепкендей басылған. Себебі, Ниязов кеткенімен, сол орнатқан режим күшінде қалып отыр. Қауіпсіздік қызметі сол баяғы көңіл күйінде екен.

Сондықтан, соңғы екі жарым айда шет елдердегі бір де бір түрікмен азаматы атамекенге қайтуға мүмкіндік алу түгілі игі ниет те айта алмапты.

Түркіменстандағы Біріккен демократиялық оппозиция жетекшісі, бұрынғы сыртқы істер министрі Авди Құлиевтің Норвегиядан тұрып айтуынша, бұл сайлау демократия талабына сай емес, заңсыз екен. Сондықтан оның нәтижесін қабылдауғa болмайды, дейді Құлиев.

«Хюман Райтс Уач» халықаралық ұйымы ақпанның 11-індегі сайлаудан кейін Түркіменстанда жаңа диктаторлық жүйесі орнамақ, сондықтан халықаралық қауымдастық ол елдегі адами, гумандық реформаны талап етуі керек деді. Ал бақылау емес, қолдау тобын ғана жібере алған ЕҚ және Ынтымақтастығы ұйымының өкілі Моратиностың айтуынша, ұйым Түркіменстан мен саяси әскери, табиғат қорғау, экономикалық немесе адам құқықтары саласында өзара ынтымақтас болуға дайын екен.

Дегенмен, ЕуроПарламенттік Ассамблеядан барған Лопес Меделдің айтуынша, бұл сайлау емес, бірер ойын-шоуға ұқсас болған. Ал Жоа Сорестің айтуынша, оны сайлау деу қиын, еркіндік, әділеттілік болған жоқ дейді Парламенттік өкіл.

Бірақ, президенттік ұлықтауға келген шетелдік жоғары деңгейлі ресмилерге қарап, қай елге газ, қай елге саяси қолдау қажет екендігін де түсіну қиын болмаған шығар.
XS
SM
MD
LG