АҚШ және Евродақ Түркменстанның жаңадан сайланған президенті Бердімұхаммедовтен сайлау алдындағы реформаларды бастаймын деп берген уәдесін орындауға шақырды. Евродақтың қазіргі президенті міндетін атқарушы Германия Түркменстандағы саяси тұтқындарды босатып, адам хұқтары мен демократия жолындағы шараларды жүзеге асыруға шақырып отыр. АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Ричард Баучер, Ашхабадта Бердімұхаммедовпен кездесуден кейін, Түркменнің жаңа басшылығы елдің ашықтығын қамтамасыз етуі керек деп атап көрсетті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV