ЕуроОдақ президенттігі міндетін өз қолына алып отырған Германия Ғұрбанқұли Бердімұхамедовтан саяси тұтқындарға бостандық беруді сұрап, президентік сайлаудан кейін адам құқықтарын сыйлау және демократия жолында жаңа реформалар жасалар деген үміт білдіреді. Ал, АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Баучер Ашғабатта президент Бердімұхамедовпен кездескенде Түркіменстанды ашық елге айландыруға кеңес берген.