Accessibility links

Ирақ астанасында қантөгіс толастамай отыр


БАҒДАД: Кеше Бағдад қаласының шығысында болған 2 террористік қастандықтан шамамен 60-қа жуық адам қаза тауып, 100-ге жуығы жараланды. Жергілікті базарда бірінің соңынан бірі 2 автобомба жарылды. Тағы бір жарылыс жанкешті-лаңкес өзінің автокөлігімен Бағдадтың шийттер тұратын Садр-сити ауданындағы полиция бөліміне барып соққан кезде шықты. Әлі расталмаған мәліметке қарағанда, одан 1 адам құрбан болып, 10-шақты кісі жараланды. Ирақтағы АҚШ армиясының басшылығы сенбі күні Бағдадта 2 жауынгерінің қаза болғанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG