БАҒДАД: Кеше Бағдад қаласының шығысында болған 2 террористік қастандықтан шамамен 60-тан көп адам қаза тауып, тағы шамамен 130-ға жақын кісі жараланды. Жергілікті базарда бірінің соңынан бірі 2 автобомба жарылды. Тағы бір жарылыс жанкешті-лаңкес өзінің автокөлігімен Бағдадтың шийттер тұратын Садр-сити ауданындағы полиция бөліміне барып соққан кезде шықты. Одан 2 адам құрбан болды. Ирақтағы АҚШ армиясының басшылығы сенбі күні Бағдадта 2 жауынгерінің қаза болғанын хабарлады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
СПИД-пен күрес күні
"ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес