Accessibility links

Қаржы полициясы: мемлекет қазынасына тиген зиян мөлшері жылдан жылға ұлғайып отыр


Қазақстанның Қаржы полициясы агенттігінің төрағасы Сарыбай Қалмұрзаевтың айтуынша, 2006 жылы Қазақстан мемлекетінен шыққан 51 миллиард теңге немесе жарты миллиард долларға жуық шығынды қаржы полициясы қайтарды. Бұл өткен 3 жылғы көрсеткіште бірге қосқаннан артық деді ол. Бұл туралы Астанада ақпанның 21 күні президент Назарбаевтың төрағалығымен өткен қауіпсіздік кеңесінде хабарланды.

Қазақстанның Қаржы полициясы агенттігінің төрағасы Сарыбай Қалмұрзаевтың айтуынша 2006 жылы Қазақстан мемлекетке келтірілген зиян мөлшері өте көп болған.

- Өткен жылы біздің агенттікте мемлекетке қайтарылған зиянның көлемін ақшаға шақсақ, 51 миллиардтан да жоғары болды. Бұл өткен 3 жылдан да жоғары, - деді Қазақстан қаржы полициясының басшысы.

Қалмұрзаевтың айтуынша, шығынның себебі көп. Бірақ, көбінесе бұған кезінде қабылданған заңдар себепкер дейді ол. Қаржы министрі Наталья Коржованың айтуынша, өткен жылы министрлікке елдің бас бухгалтерлік кеңсесіне сияқты, салық және кеден кодекстеріне өзгеріс енгізу тапсырылған.

- Ондағы мақсат - табысты қадағалау болатын. Заң өзгерістері енді парламентке берілгелі отыр. Болашақта электронды қаржы министрлігі болады, сөйтіп қаржы қадағалауға алынады, - деді Коржова.

Сонымен бірге қаржы министрі «әзірге салық және кеден органдарында кәсіпкерлерден пара алу жалғасып келе жатқанын» да айытп өтті.

- Бірақ, пара беру тоқтамайынша, пара алу да тоқтамайды, - деді министр Коржова.

Қазақстанның Қаржы полициясы агенттігінің төрағасы Сарыбай Қалмұрзаев кезінде кеденшілер өздеріне тиімді кодекс жасап алған деп сынға алды.

- Мысалы, ол заңда елге енгізілген тауардың бағасын кеден белгілейді делінген. Кеденшілерді қанша қамасақ та, бұл бап болған соң олар құтылып кетеді, - деген уәж айтады Қалмұрзаев.

Дәл солай, салық органдарыда кезінде салық кодексін жасап алған. Заң бойынша олар өздерін өздері тексеріп, өздерін өздері жазалайды.

- Мысалы, ірі салық төлейтін 100 компанияны тек салық органдары тексере алады. Оның сыртында, салық органдары консалтингтік фирма жасап алған. Олар салық төлейтін компанияларға қосымша құн салығын қайтарып береміз деген. Ол үшін компаниялар заң жүзінде табыстың 10 пайызын береді. Мысалы, өткен жылы осындай консалтингтік фирманың қожайыны салық комитетінің өкілі 3,5 миллард теңге табыс тапқан, - деді С.Қалмұрзаев.

Қазақстанның Қаржы полициясы басшысының айтуынша, ол ең болмаса, есеп комитетіне осы салық органдарын тексеру құқын беріңдер деп ұсынған екен.

- Бірақ, салық органдары бұған қарсы, өйткені, оларда қалыптасқан жүйе бар, - дейді Қалмұрзаев.

Сонымен бірге Қаржы полициясы агенттігінің төрағасы, мемлекеттік сатып алу саласында да кемшіліктердің көп екенін айтты. Бірақ, бұл салада тіпті заңға өзгеріс енгізгеннен пайда жоқ дейді ол.

- Менің ойымша, мемлекеттік сатып алу деген мүлде болмау керек. Биржадан барып алу керек, болды! Ал, егерде осындай мемлекеттік сатып алу болғаннан кейін, бәрібір ол таныс фирмасын заңға келтіріп, соған береді. Ол туралы президент 2005 жылы айтқан қаржы министрлігіне «тез өтіңдер» деп. Бірақ, біз асықпай өтіп жатырмыз ғой, әйтеуір, - дейді С.Қалмұрзаев.

Ал, Қаржы министрі Наталья Коржова, қазірде парламентте талқыланып жатқан мемлекеттік сатып алу жөніндегі заң жобасында, мемлекеттік қаржының қатысуы жоқ субъектілер бұл заңды қолданбайтыны көзделген дейді.

- Ал, корпоративтік басқаруды енгізген, рейтингтерде жақсы баға алған субъектілер мемлекеттік сатып алу жұмыстарын бюджет саласына ғана тиесілі нормаларға бағынбай жүргізетін болады, - деді Қаржы министрі.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG