Accessibility links

Британия алдағы айларда кей әскерлерін Ирақтан шығарады


Британия алдағы айларда Ирақтағы әскерлерінің санын 1600-ге қысқартады. Бұл туралы кеше парламентте премьер-министр Тони Блэр хабарлады. Оның айтуынша, кей британдық сарбаздар Ирақта 2008-ші жылға дейін қалады.

“Ирақта қалатын Британия күштері мынадай міндеттерді атқаратын болады, яғни Ирақ күштерін жаттықтырып, оларға Ирақ пен Иран арасындағы шекарада қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және экстремисттік топтарға қарсы операцияларды жүргізуге көмектеседі, керек болған жағдайда Ирақ армиясына жәрдем береді”, - деді Блэр.

Қазір Ирақта 7 мың ағылшын жауынгері бар, олардың көбі елдің оңтүстігінде орналасқан.
XS
SM
MD
LG