Ауғанстан Парламентінің Жоғарғы палатасы - Мешрано Жырға қылмысты делінген әскерилерге рахымшылық жариялау керек деген шешімге келді, бірақ бірауыздан емес. Себебі, Парламент құрамында басым көпшілік әскери қолбасшылармен қатар өзге де мүшелер бар. Сондықтан, ол заңды депутаттардан 41 адам қолдап 16 кісі қарсы болған. Ал оған дейін, соғыс қылмыскерлері делінген әскери мүшелер басым Төменгі палата өткен айда алдымен ол заң жобасын қолдап дауыс берген еді.
Жаңа заңды Ауған Парламентінің қос палатасы қолдады. Бірақ, енді оны президент Қарзай мақұлдап қол қоюы қажет. Ал Хамид Қарзайдың өкілінің айтуынша, Ауған президенті ол заңды қолдамайды екен. Бірақ, Ауған Конституциясына орай, егер ұсынылған заң жобасын парламенттің үштен екі бөлігі қолдаса онда Төменгі палата президенттік ветоны қайта қарап, шешім қабылдауға құқы бар екен.
Заң жобасының аудармасында соңғы 25 жылда өзара соғысқан, керіскен саяси партиялар мен топтар заң жүзінде жауапқа тартылмайды, делінсе, ұсынылған заңда соғыс қылмыскерлерін ұлттық бейбітшілік үдерісіне, қоғамдағы қарсылас топтардың өзара мәмілегерлік шарасына тартып Ауғанстандағы тұрақтылық, жаңа тіршілік-өмір үшін белсенді қатысуына мүмкіндік берілуі қажет делініпті.
Сыртқы істер министрі Спантаның айтуынша, Ауған үкіметі халықаралық заң бойынша соғыс қылмыскерлерін жазалауы қажет екен. Адамзатқа қарсы қылмыс жасап, жүйелі түрде адам құқықтарын аяқ асты етіп келгендерге кешірім жоқ, дейді Ауған министрі.
Ал Парламент және Қарзайдың үкімет құрамында соғыс қылмыскелері де, адам құқын бұзғандар да, 1980-жылдары советтік басқыншыларға қарсы соғысқандар да, қасиетті соғыс – жихадта белсенділік жасағандар да бар.
Ал БҰҰ, заңгерлер, құқық қорғаушылар болса «кісі зорлаған, адам өлтірген және өзге де ауыр қылмыс жасағандар әділ сот алдында жауап беруі керек» дейді.
– Оу, ағайындар-ау, той үстінде келінді ұрлап әкетіп зорлағанға да кешірім жасалмақ па, сонда? - дейді Жоғарғы палата төрағасы, бұрынғы Ауған президенті Сепхатұлла Можадеди.
Ал парламент мүшесі Шухрия Барақзайдың айтуынша, бұл заң арқылы Парламент, ұлттық мұрасашылдықтың, әділеттіліктің орнына түрлі топтардың жауынгер басшыларына мол билік құқын беруі мүмкін екен.
БҰҰ мен Ауғанстандағы тәуелсіз адам құқықтары ұйымының пікірінше, қылмыскерлерді соғыс құрбандары және қорланған, зорланғандар ғана кешіре алуы мүмкін екен.