Accessibility links

Сербтер мен албандар БҰҰ-ның Косова ұсынысы бойынша келісе алмай отыр


БҰҰ-ның елшісі Мартти Ахтисааридің айтуынша, сербтер мен этникалық албандар Косова жоспары бойынша келіспей отыр. Бұл мәселе жөнінде Венада кездескен тараптар БҰҰ-ның арағайындық жасауымен Сербия провинциясының келешегі туралы келіссөздерге қатысқан. Кейінірек Сербия делегациясы ұсыныстың барлық жағдайын қабылдамайтындықтарын айтып, бұл Сербияның аймақтық тұтастығына нұқсан келтіреді деген. Албандар болса, өздерінің тәуелсіздік жөніндегі талаптарын қайталаған.
XS
SM
MD
LG