Буш әкімшілігі Британияның Ирақтан 1600 жасағын шығару жоспары - қауіпсіздік жауапкершілігін ирақтықтарға беру ісіндегі прогресті байқатады деді. АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Құрама Штаттар бастаған Ирақтағы күштер толығымен қалады дей келе, Британия мыңдаған күшін Ирақтың оңтүстігінде әлі де қалдыратынына тоқталды. Конгресті өз бақылауына алған оппозициялық Демократтар партиясы президент Джордж Бушты Британияның жоспарымен жүріп, Ирақтан американдық әскерлерді шығара бастауға шақырды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Халықаралық сарапшы пікірі
"Әлеуметтік толқу қаупін" арттырған "Назарбаев стиліндегі сайлау"
AzattyqTV