Британиялық ақпарат көздері, үкіметтің Ауғаныстанға қосымша бір мың әскер жіберуді жоспарлап жатқанын айтуда. ББС мен "The Guardian" газеті елдің Қорғаныс министрі алдағы дүйсенбі күні оның егжей-тегжейі туралы айтады деген. Қазіргі таңда Ауғаныстанда Британияның 5 мың әскері болса, оның көбісі бүлікшілдер жиі көтеріліп жүрген оңтүстік жақта орналасқан. Осының алдында Британия Ирақтағы әскерінің 1600-ын алдағы айда шығаратынын мәлімдеген.