Accessibility links

Украина халқы Севастополь сапары кезінде Лужков айтқан сөзге наразы


Украина қауіпсіздік қызметі басшысының міндетін атқарушы Наливайченконың айтуынша, Қырым сапары кезінде Мәскеу әкімі Лужковтың айтқан өз сөзіне байланысты ол Украина халқының қатты наразылығына кездеспек. Ақпанның 21-күні Севастопольда болғанда Юрий Лужков Қырымдағы орыстарға қолдау көрсететіндігін айтып, Украинаның НАТО-мен өзара ынтымақтастығына қарсы тұрған оларға рахмет айтқан. Сондай-ақ, Лужков 1954 жылы Қырымды Украинаға беріп қойды деп, сол кездегі советтік жетекші Хрущевты айыптаған.
XS
SM
MD
LG