Бүгін Италия президенті Джорджо Наполитано екі күндік кеңесулерден кейін, премьер-министр Романо Продидің солшыл орталық үкіметі билікте қала ма, жоқ па - соны жариялауы керек. Проди сәрсенбі күні солшыл сенаторлар Ауғаныстанға Италия күштерін орналастыруға қарсы дауыс берген соң, қызметінен кеткен болатын. Одақтас әріптестер қазір пікірқайшылықтарды реттеген сияқты. Оңқанат партиялар болса, ертерек сайлаулар өткізуге шақырып отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Бір қадам алға, екі адым кейін
Kaspi.kz ақша аударымына салық салу. Билік ескі мәселені қайта көтерді
-
Ақорданың сөзі мен ісі
"Бәрін Назарбаев шешіп отыр". Белсенділер Тоқаевтың саяси реформасына сенбейді
AzattyqTV