Accessibility links

Иран ғарышқа өзінің жер серігін ұшыруға жақын тұр


ТЕҺРАН: Иран ғарышқа өзінің бірінші зымыранын ұшырды. Ол туралы бүгін Иранның мемлекеттік телеарнасы хабарлады. Иранның ғарыштық зерттеу орталығының басшысы Моһсен Бахрами мәлімдегендей, бұл аппарат әскери өнеркәсіп саласының ғалымдары мен инженерлерінің және басқа мамандарының күшімен құрастырылды. Ғарыштық сапардың басқа жайттары әзірше белгісіз. Осыған дейін ресми Теһран ғарышқа өзінің жер серігін, оның ішінде коммерциялық жер серігін ұшыратынын әлденеше рет мәлімдеп келген болатын.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG