Accessibility links

1 адам қаза болды, бірақ Иран елшілігіне ешқандай зиян келген жоқ


БАҒДАД: Бүгін таңертең Бағдадтың орталығында орналасқан Иран елшілігінің маңында бомбамен нақышталған автокөлік жарылып, одан 1 кісі қаза болып, 4 адам жараланды. Елшілік ғимаратына зиян тиген жоқ. Оның алдында Ирақтың Әл-Хаббания қаласындағы сүнниттердің мешітінде болған жарылыстан 39 адам қаза тауып, тағы 64 кісі жарақат алды. Дәл осы күні Бағдадтың іргесіндегі халықаралық әуе жайда көтерілісшілер Ирақ полициясының күзетіне тасадан шабуыл жасап, 8 полицей құрбан болды, тағы екеуі жараланды.
XS
SM
MD
LG