Accessibility links

Иран да өзінің ғарыштық мемлекетке айналғанын мәлімдейді


ТЕҺРАН: Иран өзінің ең бірінші ғарыштық ізденісін сәтті өткізгенін мәлімдеді. Иранның ғарыштық зерттеу орталығы басшысының орынбасары Әли Ақбар Голроудың Парсы ақпарат агенттігі таратқан сөзіне қарағанда, бірінші ғарыш аппараты жерден 150 шақырым биіктікке самғап, бірақ орбитада қалмай, парашюттің көмегімен жерге қайта оралған. Осыған дейін Иранның мемлекеттік телеарнасы бұл зымыранның ғылым және қорғаныс министрлігі жасаған материалын зерттеу үшін ғарышқа алып ұшқанын хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG