Accessibility links

Президент Махмуд Ахмадинеджад: Иранның ядролық бағдарламасы – “тежегіші жоқ поезд”


ТЕҺРАН: “Иран - Батыстың қысымына көніп, өзінің ядролық бағдарламасынан бас тартпайды” деп мәлімдеді Иран президенті Махмуд Ахмадинеджад. Иранның мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, М.Ахмадинеджад Иранның ядроның қуатын пайдалану жолындағы ізденістерін “тежегіші жоқ поезға” теңейді. Иран президенті мұндай пікірін бүгін Теһранда естіртті. Осы аптада Иран өзінің уран шикізатын байыту бағдарламасын тоқтатуға БҰҰ-ы тарапынан белгіленген соңғы мерзімді ескерусіз қалдырды.
XS
SM
MD
LG