БАҒДАД: Бүгін Бағдадтағы университет қалашығында жанкешті-лаңкес жүзеге асырған қастандықтан соңғы мәлімет бойынша 38 адам қаза болып, одан да көп кісі жараланды. Сондай-ақ, бүгін Бағдадтың шийттер тұратын оңтүстік ауданы зымырандармен атқыланды. Қаза болғандар туралы қарама-қайшы мәліметтер келіп жатыр. Ал таңертең Бағдадтың орталығында орналасқан Иран елшілігінің маңында бомбамен нақышталған автокөлік жарылып, одан кемінде 1 кісі қаза болып, 4 адам жараланды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Бір қадам алға, екі адым кейін
Kaspi.kz ақша аударымына салық салу. Билік ескі мәселені қайта көтерді
-
Ақорданың сөзі мен ісі
"Бәрін Назарбаев шешіп отыр". Белсенділер Тоқаевтың саяси реформасына сенбейді
AzattyqTV