Accessibility links

“Оскар” сыйлығы 79-ыншы рет қатарынан ең үздіктерге тапсырылды


ЛОС-АНЖЕЛЕС: “Голливуд” киноакадемиясы атақты кинорежиссер Мартин Скорсезенің “Безгендер” көркем шығармасын жылдың “ең үздік фильмі” деп таныды. Сондай-ақ Скорсезе “ең үздік режиссер” ретінде де “Оскар” сыйлығын алды. “Патшайым” фильмінің басты рөлін ойнаған Хелен Миррен – “ең үздік әртіс” әйел, “Шотландияның ақырғы патшасы” шығармасында Уганданың диктаторы Иди Әминнің рөлін сомдаған Форест Уитекер – бас рөлді ойнаған “ең үздік әртіс” болып танылды. “Өзгенің ғұмыры” атты неміс фильмі - ең үздік шетелдік фильм болып танылды. Ғаламдық ауа райының жылынуы проблемасы туралы “Қолайсыз ақиқат” атты деректі фильм де “Оскар” сыйлығына ие болды.
XS
SM
MD
LG