Accessibility links

Ресми Теһран Батыс елдерінің талабын “заңсыз әрі негізсіз” деп санайды


ТЕҺРАН: Бүгін Иран уран шикізатын байыту жұмыстарын тоқтатудан тағы да бас тартты. Бүгін Иранның сыртқы істер министрі Манучеһр Моттақи елдің ядролық бағдарламасына қатысты Батыстың талабын “заңсыз әрі негізсіз” деп бағалады. Кеше БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты 5 мүшесі мен Германияның сыртқы істер вице-министрлері Лондонда “Иран мәселесін” талқылап, Теһранға қатысты жаңа Қарардың жобасын әзірлеуге кірісті. Барлығы да Иран төңірегіндегі дағдарыстың дипломатиялық шешімін табу керек деген ортақ пікірге келді.
XS
SM
MD
LG