Accessibility links

Дарфурдағы қырғынға байланысты 2 адамға айып тағылды


ГААГА: Бүгін Халықаралық трибуналдың бас айыптаушысы Суданның Дарфур өлкесіндегі соғыс қылмыстары үшін айып тағылған алғашқы 2 күдіктінің есімін атады. Бас прокурор Луис Морено-Окампо Дарфурдағы бүлік қызып тұрған тұста ішкі істер министрі лауазымында отырған Ахмед Харунды және әскерлендірілген құрамының қолбасшысы болған Әли Кушайб деген лақап атымен белгілі Әли Мухаммад Әли Әбді Әр-Рахманды сотқа шақыртуды өтінді. Осыдан 4 жыл бұрын бүлікшілердің үкіметке қарсы қару көтеруінен бері Дарфурда 200 мыңдай халық қырылды.
XS
SM
MD
LG