Accessibility links

Мысыр мен Қазақстанның арасындағы сауда айналымы 20 млн. долларға ғана жетті


АСТАНА: Қазақстан президенті Н.Назарбаев наурыздың 11-13-інде ресми сапармен Мысырға баруға тиіс. Оның барысында екі елдің сауда, өнеркәсіп және денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастығы туралы көптеген келісім-шартқа қол қою жоспарланып отыр. Ол туралы Мысырдың халықаралық қарым-қатынас министрі Файза Абдул Нага мен қазақтың сыртқы істер министрі М.Тажиннің дүйсенбі күнгі кездесуінен кейін жарияланды. 2005-інші жылмен салыстырғанда өткен жылы Астана мен Қайыр арасындағы сауда қатынасы 2 есе ұлғайып, 20 млн. долларға дейін жеткен.
XS
SM
MD
LG