Accessibility links

АҚШ әкімшілігі Иранмен дипломатиялық қатынасты қалпына келтіруді көздемейміз деді


Ирақта тұрақтылық орнату мәселесі жөніндегі халықаралық конференцияға АҚШ, Иран және Сирия қатысатын болды, деп жариялады кеше Ирақ ресми өкілі. АҚШ пен Сирия конференцияға келетіндерін растады, Иран шақыру алдық, ойластырып жатырмыз дейді. АҚШ әкімшілігі конференцияға Иранның қатысуын қарастырсақ та, Иранмен дипломатиялық қатынасты қалпына келтіруді көздемейміз деді. Конференция осы айдың ортасында өткізілмек. Конференцияға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері, Мысыр, Араб Лигасы, Ислам конференциясы ұйымы да шақырылды.
XS
SM
MD
LG