АҚШ пен Солтүстік Корея ресми өкілдері келесі аптада Нью-Йоркте кездесіп, екі жақ дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіруді сөйлеспек. Бұл жайында жалпы келісім 13 ақпанда Пекинде, алты мемлекет өкілдері өткізіп жатқан келіссөзде жасалған. Келісім бойынша Солтүстік Корея негізгі атом реакторын өшіру керек, ядролық бағдарламасын тоқтату керек. Есесіне Америка Құрама Штаттары Солтүстік Кореяға отын көздерін қайтадан беруге келісті. Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын тоқтатуға төрт жылға жуық күш салынып жатыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Мұстафа Шоқайдың өз үні. Азаттық радиосы елге жеткізген бір мұра
-
"Жаншипа" подкасы
Ашаршылық, соғыс, кәмпескелеу қазақ психикасына қалай әсер етті?
AzattyqTV