Accessibility links

Еуропа одағы әлемдегі ең мықты катализатор бөлігінің құрылысын жүргізуде


Сәрсенбі күні оның ең маңызды құрылымын орнату арқылы бұл құрылыс жұмысын аяқтауға ол ұйым жақын қалды. Басты мақсат - әлгі бөлшектер қозғалысын жарық жылдамдығына жақындату. Осы арқылы тұтас ғаламның жұмыс істеу құпиясын тереңірек зерттеуге әрекет етілмекші.

Швейцария мен Франция шекарасындағы туннельге құрылыс инженерлері әлемдегі ең үлкен магнитті сәрсенбі, ақпанның 28-і күні жайғастырды. Салмағы 2000 тонна тартатын бұл жабдық, қазір жұмысы жүргізіліп жатқан жаңа зертхана құрылысының ең басты бөлігі боп табылады. Бұл зертханада физика іліміне қатысты ең бір тылсым әлемнің сырларын ашу көзделуде. Жарық жылдамдығына жақындатылған жағдайда материяның қандай өзгерістерге тап болатынын зерттеу де ол құпия сырлар қатарына жатады. Әрине, жарық жылдамдығы жағдайында әрекет ету дегенді жер бетінде зерттеу өте қиынға түскенімен, бұл құбылыс сыртқы ғалам үшін қалыпты жағдай боп табылатыны белгілі.

Магнит және басқа да жабдықтарды қолдану арқылы бөлшектер қозғалысын жасанды түрде жарық жылдамдығына жақындатып, сол арқылы әлгі материялардың соқтығысуы сәтіндегі пайда болатын физикалық құбылыстарды бақыламақшы. Осы арқылы материя мен энергияның әртүрлі тектері жөнінде мол мағлұматқа ие болуға физик ғалымдар үміт артуда.

Осы жобаға қатысушы ғалымдардың бірі - Тежиндер Вирдидің сипаттауынша алып магнит жер астындағы 100 метр тереңдікке көмілген. Бұл зерттеулерге 37 елден екі жарым мыңдай ғалым қатысуда екен. Жаңа құрылыс Ядролық зерттеулердің Еуропалық орталығы тарапынан жүргізілуде. Егер әлгі алып магнитті орналастыру ісі сәтімен жүзеге асар болса, онда тәжірибелер қараша айында басталуы мүмкін. Вирдидің айтуынша, болашақтағы ашылатын жаңалықтардың әсері жөнінде болжам айту оңай емес.

«Бұл жаңалықтардың 50 жылдан кейінгі әсері жөнінде болжау қиын. Айқын нәрсе, жаратылыс-табиғаттың қалай өмір сүретінін түсінуімізге ол жаңалықтардың тигізетін әсері зор болмақшы. Және оның әлем үшін кезіндегі Эйнштейн, Ньютон мен Галилейдің ғылым саласына қосқан жаңалықтарындай әсер етері күмәнсіз», - деді Вирди.

Сондай-ақ ғалымдар табиғаттан тыс, сондай-ақ оның ішінде бір-бірімен өзара әрекетке түсетін рухтық дәрежедегі әлемнің тылсымдарына үңілуге де үміт артуда. Сонымен қатар, аталған зертханада кішкентай қара тесіктер жасалып және ғарышта қосымша өлшемдердің өмір сүретінінің ғылыми түрде анықталуы ықтимал дейді ғалымдар.
XS
SM
MD
LG