Accessibility links

Ауғаныстандағы жарылыстан екі адам қаза тапты


Ауған ресмилерінің айтуынша, елдің батыс аймағында орын алған жарылыстан екі адам қаза тауып, шамамен 50 кісі жараланған. Ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, Фарах провинциясында болған шабуыл полиция басшысының көлігіне бағытталған көрінеді. Соңғы кездері бұл өлкеде орын алған бүлікшілік әрекеттерге Талибан соғысушылары кінәлі деп айтылып келеді.
XS
SM
MD
LG