Accessibility links

Беларус үкіметі АҚШ кіргізген шектеулерге шамданды


Беларус үкіметі АҚШ тарапынан Беларустың кейбір басшыларына қаржы шектеулерінің қойылғанына қарсылық танытты. Беларус сыртқы істер министрлігінің өкілі Андрей Попов бұл "ескі жыр, екі елдің саяси қатынастарына жаңалық әкелген жоқ" деді. АҚШ үкіметі апта басында Беларус үкіметінің алты жоғары өкіліне қаржы шектеулерін қойды. Бұған елде президенттік сайлаудың былтыр бұрмаланғаны, оппозицияның қудаланып жатқаны себеп.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG