Accessibility links

Ғылым және денсаулық: Витаминдер біздің денсаулығымызға зиян келтіре ме?


Витаминдерді қабылдайтын адамдардың көпшілігі оларды денсаулығын күту үшін ішеді. Алайда АҚШ-та шығатын “Американың медицина ассоциациясының журналы” (“Journal of the American Medical Association” немесе JAMA) басылымында жарық көрген мақалада кейбір витаминдердің қоспасын қабылдаудан кері әсер беретіні айтылады. Копенгаген университетінің ғалымдары “А” витамині мен “ “Е” қоспасын қабылдайтын адамдардың арасында өлімнің көп болғанын және керісінше “С” витаминін ішетіндердің арасында ешқандай әсер болмағанын байқаған.

Вашингтон. “С” витаминімен бірге “А” және “Е” витаминдері де қышқылға қарсы деп есептеледі. Қышқылға қарсы витаминдер қан тамырлары мен адамның ағзасындағы иммуно жүйесінің қартаюын баяулатып, аурудың алдын-алуға тиіс. Дания ғалымдарының мәлімдеуінше, олардың ашқан тың жаңалығы қышқылға қарсы витаминдер денсаулықты жақсартады деген пікірді жоққа шығарады. Еуропа мен Солтүстік Американың ересек халқының шамамен 10-20 пайызы витамин қоспаларын пайдаланады. Витамин қоспаларын шығаратын фирмалардың өкілдері Дания ғалымдарының әлгі зерттеуіне үзілді-кесілді қарсы шықты. Қоспалар шығаратын өнеркәсіп тарапынан қыржыландырылатын “Денсаулық қоспаларының ақпараттық қызметінің” (Тhe Health Supplements Information Service) өкілі Энн Уолкер (Ann Walker), Би-Би-Си-ге берген сұхбатында, әлгі зерттеудің қорытындысын “түкке де тұрмайды” деп бағалады. Дания ғалымдары шамамен 230 мың адамға жүргізілген зерттеулердің 68-ге жуық қорытындысымен танысты. Ал Э.Уолкер ханымның айтуынша, бұл зерттеулердің кейбірі ауыр дертке шалдығып үлгерген адамдарға жүргізілген.

Бостондағы Тафтс университетінің витамин қоспалары бойынша ғылым-зерттеу лабораториясының директоры да “Американың медицина ассоциациясының журналы” жүргізген зерттеудің әдістемесін өткір сынға алады. Бұл лабораторияны витамин қоспаларын шығаратын өнеркәсіп қаржыландырмайды.

Алайда, “Американың медицина ассоциациясының журналы” жүргізген ізденіс – “А” витамині қоспасының денсаулыққа зиян келтіретіні туралы қорытындыға келген жалғыз зерттеу емес. 1990-ыншы жылдары жүргізілген басқа 2 ізденіс те “А” витаминінің формасы болып табылатын бета-каротин қоспасын қабылдайтын адамдардың өкпе дертіне, дәлірек айтқанда - өкпесінен қатерлі ісік шығатын ауруға әлдеқайда жиі шалдығатынын анықтады. Финляндияда жүргізілген зерттеу “А” витаминін қандай мөлшерде қабылдаудың маңызды екенін дәлелдеп берді. Егер адам “А” витаминін немесе бета-каротинді халықаралық стандарттан артық мөлшерде қабылдайтын болса, онда витамин қышқалға қарсы күресудің орнына, адамның ағзасын керісінше қышқылдандырып, ДНК клеткасын бұзатын көрінеді.

Американың ісік аурулары қоғамы мен Американың жүрек дерттер бойынша Ассоциациясы бұл зерттеулер әлі “түпкілікті қорытынды берген жоқ” деген ұйғарымға келіп, витамин қоспаларына қатысты проблемаға бейтарап көзқарас ұстауға бел буып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG