Осыдан екі жыл бұрын Өзбекстанның Әндіжан қаласында орын алған қанды оқиғалардан кейін елден қашып кеткен 10 әйел АҚШ-тан үйлеріне оралды. Олар Ташкентке дүйсенбі күні Нью-Йорктан ұшып келді. Өзбекстанның билік орындары қайтып келген әйелдерді қудаламаймыз деп уәде берген. Өзбекстан билігі 2005 жылы мамыр айында орын алған Әндіжан оқиғаларында 187 адам құрбан болды, олардың көбі соғысушылар десе, ал куәгерлер мен адам хұқын қорғаушылардың айтуынша, үкімет күштері наразылық танытушыларға қарсы оқ атқан, оның салдарынан жүздеген қарапайым адам опат болған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Қазақстан тәуелсіздігін жарияласын деп талап қойғандар неге қудалауға түсті?